Балаларға базарлық

«Балбұлақ» №3, 2013
Балаларға арналған басылымның кезекті санының 6-7 беттерінде Кеңес Одағының батыры, Ленин орденінің иегері, қазақ халқының мақтанышы, ер жүрек қызы Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың өмірі, ерлік жолдары жайлы «Шолпан жұлдыз», «Өзіңсің шоқтай жарық» атты мақаланы «Батырбабақмен таныс» айдарынан оқисыздар.

«Бала би» №5, 2013
Жұмаділдаев Асқар Серікұлы – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, акдемик. Ғалым ағаларың әлем елдеріндегі/ Мюнхан, Бильфельд университетінде профессор болып, Швеция, Канада институттарында лекциялар оқып жоғары дәрежеге жеткен. Асқар Серікұлы жайлы журналға (8-11 бет) берілген сұқбатынан (сұхбаттасқан А.Нұрланұлы) үлкен тұлғаның математикаға келген жолын, жоғары жетістікке жету жолындағы еңбегін, математика әлемінің сырын оқып білесіңдер. Журналдың әр тақырыптағы айдарларына лайықты берілген/ «Сырлы сандар», «Жол апатын алдын ала біл», «Менің атам майдангер» т.с.с, әңгіме, ойын түрлерімен танысасыздар.

«Ақ Желкен» №4,2013
Журналдың «Ізінен аңыз ерген» айдарында берілген «12 күй, 21 ән және Секен атты ауқымды мақаладан (10-17 бет авт. Қ.Ибрагимова) дарынды күйші, сазгер Секен Тұрысбеков өзінің бала күнінен бүгінгі күнге дейінгі өмір жолынан сыр шертеді. Басылымның осы беттерінен қазақтың домбырасының қалай пайда болғаны туралы аңыз, жақсы домбыраның сыны жайлы жазған «Халқы мықтының – салты мықты» кітабынан үзінділер оқисыз.

«Аңыз адам» №11, 2013
«Аңыз адам» журналының ұсынылып отырған кезекті санында қазақтың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің батыры, қолбасшы Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлының өмірі, шығу тегі, өскен ортасы, ерлік жолы, жеке қасиеттері, алғашқы ерлігі, Бөгенбай бастаған батырлар тобы, ел қамын ойлаған қайраткерлігі жайлы толық мағлұматтар аласыз. Сонымен қатар Қанжығалы Бөгенбай батыр туралы ғана емес, бүкіл алты Алаштың айдары мен айбары болған Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Уақ Баян, Басентин Малайсары батырлар жайында да өмірбаяндық әңгіме берілген.

«Айгөлек» №6, 2013
Қазақстанның халық суретшісі, Еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері- Гульфайруз Исмайылова жайлы журналдың 4-5 бетінен «Өлді деуге бола ма?» айдарынан (автор А.Есенқұлова) оқисыздар. Мақаладан суретші апаларыңның өмірі, шығармашылығы, өсу, өрлеу жолдарымен танысасыздар. Сонымен қатар «Әлемнің атақты адамдары…» айдарынан дарынды, ғылым, өнер иелерінің ерекшеліктерін оқып білесіздер.(15 бет).