Кітапхана туралы

Тасқала аудандық балалар кітапханасы алғашқысында Камен аудандық балалар кітапханасы болып 1964 жылы 2 наурызда ашылған. Кітапханада абонемент және оқу залы қызмет етеді. 
«Әдебиет», «Балауса» үйірмелері жұмыс жасайды. 
Оқымандар саны: 1415
Келушілер саны: 13626 
Кітап берілімі: 25832
Мерзімді басылымдар барлығы 69, соның ішінде қазақша басылым саны 26.
Аудандық балалар кітапханасындағы компьютерлер «Кабис» бағдарламасына қосылған. Тасқала аудандық балалар кітапханасы қазіргі заман талабына сай қайта түлеп, ұлттық негізге сүйеніп, жастарды елжандылық пен имандылыққа тәрбиелеуде көптеген бағдарламалар аясында жұмыстануда.
2012 жылы балалар кітапханасынан электронды ресурстар залы ашылып, жас оқырмандарға қызмет көрсетуде. Бұл жерде оқырмандар интернет желісімен жұмыстанып, қажетті ақпаратты игеруде.